KZNews.kz
Шоу-бизнес

500 түлектің ҰБТ нәтижесі жойылды

KZNEWS

ҰБТ-да тестілеуден 85 мың бітіруші өтті, оның 500-інің нәтижелері жойылды. Бұл туралы Ұлттық тестілеу орталығының директоры Дидар Смағұлов мәлімдеді.

«Достар, тест тапсырмаларын немесе олардың үзіндісін аудиториядан шығару - ереже бұзушылық болып табылады. Сондықтан ҰБТ нәтижесі жойылады. Осы күнге дейін 85 000 тестіленушінің ішінен 500-дің нәтижесі жойылды. Және тест тапсырмаларын шығарып, таратудың да еш мәні жоқ - ТЕСТ БАЗАСЫ КҮНДЕ ЖАҢАРТЫЛАДЫ! КҮНДЕ ЖАҢА СҰРАҚТАРДЫҢ ҚҰПИЯЛЫЛЫҒЫ ШЕШІЛІП, БАҒДАРЛАМАҒА КІРГІЗІЛЕДІ! Өзіңізді алдамаңыздар», - деп жазды Смағұлов өзінің Facebook парақшасында . 

Бұған дейін Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов балалардың 1 қыркүйекте мектепке баратын-бармайтынына жауап берген болатын . «Келесі оқу жылы қашықтық форматта болуы мүмкін емес», - деп қосты ол. 

KZNEWS
Автордың басқа материалдары