Халықты жұмыспен қамту қағаз жүзінде ғана ма?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

“5 сағатта 30 миллион” - Фариза Төреәлінің оқырмандары қайырымдылық жасаудан рекорд орнатты

“5 сағатта 30 миллион” - Фариза Төреәлінің оқырмандары қайырымдылық жасаудан рекорд орнатты

Төреғали Төреәлінің қарындасы халықтан көмек сұрады. Оған жақын адвмдарының бірінің денсаулығы себеп болған екен. Фариза Төреәлі инстаграм парақшасында жазба қалдырды.

"Мен сбор мүлде жасамаймын білесіздер. Алдыңғы жолы алғаш рет жасап күзетгі апаға оқырмандар болып жиналып жарты күнде 20 миллион теңге жинап үй алып берген едік. Бұл жолы жақыным денсаулықпен сыналып жатыр. Жақын адамыңның бұндай хәлге түсуін көру жүрекке қатты батады. Диагнозы өте ауыр. Өзі екі баланың анасы. Балалары анасын сағынып жүр. 7 күнде 40 млн тг операциясына табу керек болып тұр", - деп жазды ол әлеуметтік желідегі парақшасында.

Фариза Төреәлінің оқырмандары 5 минутта 1 миллион теңге, 2 сағатта 15 миллион теңге, ал бар болғаны 5 сағатта 30 миллион теңге жиналған.
фото: әлеуметтік желіден
Автор
Еркебұлан