KZNews.kz
Шоу-бизнес

“45 миллион қарызым бар” - Нұрлан Еспановтың ұлы мәлімдеме жасады

Ayzhan Sylanova
Фото: әлеуметтік желіден

Әлеуметтік желідегі жазбасында Олжас өміріндегі қиын кезең туралы ашық айтып, соңғы екі жыл бойы несие мәселесімен әуре болып жүргенін жеткізді.

«Менде бәрі керемет емес, әркімнің өз проблемасы бар. Мұңайып, түңілуден де өтіп кеттім. Адамды білмей жатып, сөгуге болмайды. Бұл да мен үшін бір сынақ шығар. Алаяқтыққа тап болып, 45 миллион теңгеге қарызға кіріп кеттім. Екі жыл осы кредитпен арпалысып келемін. Барар жер, басар тау қалмады. Мемлекеттік органдар әрекет еткісі жоқ, ал банк өкілдері жоқ көліктің несиесін төлеуді талап етуде. Қысқасы, бәрі сериалға айналғандай. Кредит менің мойнымда, 45 миллион тақалып тұр», – деп жазды Олжас.

Оның айтуынша, қазіргі басты мақсаты – осы қаржылық қиындықтан шығу және қарыздан құтылу. Ол сондай-ақ қоғамдағы түсіністік пен қолдаудың маңызын атап өтіп, басынан өткен жағдайдың өзгелерге сабақ болғанын қалайтынын жеткізді.

Ayzhan Sylanova
Автордың басқа материалдары