ШҚО-да тағы да шу: Білім сапасын қадағалайтын басшының былығы ашылды
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

44 градус ыстық: Қазақстанның бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды

44 градус ыстық: Қазақстанның бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Еліміздің бірнеше облысында аптап ыстық пен желге байланысты дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі «Қазгидромет» РМҚ-ға сілтеме жасап.


13 шілдеде Түркістан облысының кей жерлерінде шығыстан 15-20 м/с жел соғады. 13-15 шілдеде күндіз өңірдің басым бөлігінде 40-44 градусқа дейінгі аптап ыстық сақталады.

Шымкентте 13-15 шілдеде күндіз ауа температурасы 41 градусқа, Түркістан қаласында 43 градусқа жетеді.

13 шілдеде күндіз Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде 30-35 градусқа дейін қатты ыстық болады. Сонымен қатар найзағай ойнап, бұршақ түседі. Солтүстіктен және солтүстік-шығыстан соғатын жел күшейіп, күндіз кей жерлерде 15-20 м/с-ға жетеді.

13-14 шілдеде күндіз Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде 36 градусқа дейін ыстық болады деп күтіледі.

13 шілдеде таңертең және күндіз Қызылорда облысында солтүстік-шығыс, шығыстан 15-20 м/с жел соғады. Екпіні 23 м/с-ға жетеді. Күндіз шаңды дауыл болады.

stan.kz

Автор
Әлихан