Бұқара мен банктер: несие портфелі 40,2 трлн теңгеге жетті
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

4 млрд теңге жымқыру: қылмыстық топ құрған қазақстандық Грузиядан экстрадицияланды

4 млрд теңге жымқыру: қылмыстық топ құрған қазақстандық Грузиядан экстрадицияланды
Фото: видеодан алынды

Аса ірі мөлшерде ұрлық жасағаны үшін күдікті Грузиядан экстрадицияланды, деп хабарлайды kznews.kz.

Бас прокуратура мен Қаржы мониторингі агенттігінің қызметкерлері, Қазақстанның Грузиядағы елшілігінің қолдауымен сеніп тапсырылған қаражатты ұрлағаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тартуға Грузиядан Қазақстан азаматын  экстрадицияланды.

Тергеу барысында аталған тұлға компания басшысы бола отырып, адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен, қаражатты ұрлау мақсатында, мемлекеттік сатып алу нормасын қолданбай, спутниктік және телекоммуникациялық жабдықты жалға алудың заңсыз шартын жасағаны анықталды.

Қылмыстық іс-әрекеттің нәтижесінде «Транстелеком» АҚ арқылы мемлекетке 4 миллиард теңгеден астам шығын келген.

Қылмыс жасағаннан кейін күдікті жасырынған, осыған байланысты халықаралық іздеу жарияланған.

Наурыз айында ол Грузия аумағында ұсталып, Қазақстан Бас прокуратурасының сұрауы бойынша Қазақстанға экстрадицияланды.

Қазіргі уақытта күдікті тергеу изоляторына қамалды.

Айып тағылған қылмыстар үшін қылмыстық заңнамада мүлкі тәркіленіп, 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

Автор
Жарқын Омаров

C.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Журналистика факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған. 2025 жылдан бері kznews.kz тілшісі