KZNEWS.KZ
Шоу-бизнес

38 градус аяз: ШҚО-да сабақ тоқтатылды

• Жандос

Облыстың екі ауданында мектеп оқушылары аязға байланысты мектепке бармады.  

Шығыс Қазақстан облысында қатты аязға байланысты оқушылар үшін сабақ тоқтатылды, деп хабарлады өңірлік төтенше жағдайлар департаменті. Облыстық білім басқармасының мәліметінше, 7 желтоқсанда Зырян ауданында термометр 38 градусқа дейін төмендегендіктен, бірінші ауысымдағы барлық сынып оқушылары сабаққа бармаған.

Шемонаиха ауданында температура —33 градусқа жеткен. Осыған байланысты 7 желтоқсанда бірінші ауысымның оқушылары мен колледждердің 1-ші және 2-ші курс студенттері үшін сабақ тоқтатылды.

Дереккөз: Sputnik

Жандос
Журналист
Автордың басқа материалдары →