“Жұбайымды шәкіртіме әйелдікке бердім” деген тұрғын жауапкершілікке тартылды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

375 сынамалы алтыннан. ОСК депуттарға төсбелгі үшін 24 млн теңге жұмсады

375 сынамалы алтыннан. ОСК депуттарға төсбелгі үшін 24 млн теңге жұмсады

ОСК "Қазақстан теңге сарайына" 80 белгі үшін 24 317 440 теңге төледі. Яғни олардың әрқайсысының бағасы – 303 968 теңге деген сөз. Бұл туралы PROTENGE телеграм-каналында жазылды.

"Қазақстан теңге сарайымен" келісімшарт сайлауға дейін жасалған және белгілердің саны жаңа депутаттардан көп. Десе де ОСК алғаш рет билікке келетін депутаттардың санын шамамен дәл болжай алды.

Депутаттар құрамына жаңадан қосылған азаматтар саны 70%-ды құрайды. Журналист Вячеслав Абрамов 32 бұрыннан бар және 75 жаңа депутат екенін жазады. Белгілер саны жаңадан қосылғандардан көп болып шықты.

Парламент депутатының белгісі Қазақстанның Мемлекеттік Туы түстес эмаль мен лак линзасы жағыла отырып 375 сынамалы алтыннан жасалады.

Мәжілісмендердің барлық белгілері артқы жағында 001-ден 070-ке дейін нақыштау әдісімен нөмірленеді. Осы нөмір депутаттық куәлікте көрсетіледі. Депутат бұл белгіні өкілеттік мерзімі аяқталғаннан кейін, егер оны мерзімінен бұрын үзбесе, сақтайды.

Автор
Данияр