KZNEWS.KZ
Қоғам

“32 жылдан соң диплом алды”: анасының диплом табыстау рәсіміне келген қыз желіні тәнті етті

Дархан Тоқан
Видеодан кадр

TikTok желісінде Алматыда түсірілген әсерлі бейнеролик кеңінен тарады. Видеода қыз анасының диплом табыстау рәсіміне келіп, сол сәтті камераға түсіріп алған, деп хабарлайды kznews.kz.

Кадрларда қызыл мантия киген әйел қызының гүл шоғын алып келгенін көріп, қуаныштан көз жасын тыя алмай тұрғаны бейнеленген.

Видео авторының айтуынша, анасы алдымен колледжді тәмамдап, араға 32 жыл салып жоғары білім алуға бел буған. Ол медицина саласында жұмыс істейді, ал енді жоғары білім туралы диплом оның кәсіби қызметін жалғастыру үшін қажет болған.

Желі қолданушылары кейіпкерді шабыт беретін үлгі ретінде бағалап, алғыстарын жаудырып жатыр. Пікірлерде: «Нағыз үлгі», «Оқуға ешқашан кеш емес» деген сөздер жазылған. Бейнеролик қазірдің өзінде 920 мыңнан астам қаралым жинаған.

Видео / жазбаны ашу

Дархан Тоқан
Журналист. Блогер. Фрилансер
Автордың басқа материалдары →