Шоу-бизнес

32 жастағы жігіт үйлену тойынан бас тартқан 16 жастағы қалыңдықтың басын шауып тастады

KZNEWS KZNEWS
32 жастағы жігіт үйлену тойынан бас тартқан 16 жастағы қалыңдықтың басын шауып тастады

Үндістанның Карнатака штатының тұрғыны 16 жастағы қалыңдығына тұрмысқа шығуға тыйым салғаннан кейін қызды аяусыз өлтірді.

Мадикери қаласының 32 жастағы тұрғыны Пракаштың отбасы кәмелетке толмаған қыздың отбасымен Сурлабби ауылында өтетін үйлену тойына келіскен. Бұл туралы Stan.kz хабарлады.

Алайда қалыңдықтың жасы 18-ге толмағанын білген құзырлы органдар мен балалар құқығын қорғау комиссиясының өкілдері неке қию рәсіміне рұқсат бермеген.  Нәтижесінде неке қию рәсімі болмайтын болды. Екі отбасы  бұған келіскенімен, биліктің бұл іске араласуы Пракаштың ашуын туғызды. Келесі күні ол қыздың үйіне барып, ата-анасын аяусыз соққыға жыққан. Артынша қалыңдығын көшеге сүйреп алып шығып, басын шапқан. Іле-шала оқиға орнынан ізін жасырған. Қазіргі уақытта полиция қылмыскері оны іздеп жатыр.

Ұқсас материалдар

Барлығы
KZNews.kz