"Ұлттық қор – балаларға": әр балаға 130,71 доллар аударылды
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

30 миллион теңге алған: Ақмола облысында басқарма басшысы қылмыс үстінде ұсталды

30 миллион теңге алған: Ақмола облысында басқарма басшысы қылмыс үстінде ұсталды

Алматыда Ақмола облысы ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Димаш Таласбаевты 30 миллион теңге көлемінде пара алды деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды kokshetau.asia порталы.

Оны Нұр-Сұлтанның cыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті қызметкерлері өткен сенбіде Алматыда қамауға алған.

Таласбаев 13 миллион теңге пара алып жатқан кезде қылмыс үстінде ұсталған. Бұл өзі талап еткен 30 миллион теңгенің бір бөлігі ғана екені белгілі болды.

Алайда өңірдің ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы қандай қызмет үшін және кімнен заңсыз сыйақы алғаны әзірше белгісіз.

Сонымен қатар шенеуніктің бұл әрекеті қылмыстық кодекстің 366-бабы ("Пара алу") бойынша қаралатыны айтылған. Егер шенеуніктің кінәсі дәлелденсе, оның мүлкі тәркіленіп, он бес жылға дейін сотталуы мүмкін.

Автор
Айбар