Актер Нұрсұлтан Жақсыгенге қатысты сот отырысында прокурор жаза тағайындауды сұрады. Мемлекеттік айыптаушы актерді үш жылға бас бостандығынан айыруды талап еткен, деп хабарлайды kznews.kz.
Іс актердің ажырасқаннан кейін бұрынғы жұбайы туралы әлеуметтік желіде жағымсыз ақпарат таратқанына қатысты қаралып жатыр. Айыптау тарапы оның жарияланымдары мен айтқан сөздері әйелдің ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтірді деп санайды.
Журналист Руслан Өтепбайдың мәліметінше, сотта әлеуметтік желіде жарияланған жазбалар мен актердің бұрынғы әйелі туралы айтқан пікірлері зерттеліп жатыр.
Ал Нұрсұлтан Жақсыген тағылған айыппен келіспейді. Актер әлеуметтік желіде оның атынан жалған парақша ашылғанын айтып, даулы жазбаларға қатысы жоқ екенін мәлімдеген.
Қазір сот процесі жалғасып жатыр. Әзірге Нұрсұлтан Жақсыгенге қатысты түпкілікті үкім шығарылған жоқ.