KZNews.kz
Шоу-бизнес

“3 сағат жанды дауыста” - Димаш Құдайбергеннің концертін ел жарыса талқылап жатыр

KZNEWS

Әлемнің 80 елінен 10 мыңға жуық адам жиналған Димаш Құдайбергеннің концертін ел жарыса талқылауда. 30 мыңға тарта адам сыятын “Астана Аренадан” екі күн бойы адам арлымаған.

Димаштың «Stranger» атты жеке концертін ұйымдастыруға 200-ден астам кәсіпқой маман атсалысты.

Сонымен қатар 300-ден астам адамнан тұратын халықаралық өнерпаздар тобы өнер көрсетті. Олар Қытай, Ресей, Камерун, Гана, Уганда, Мексика секілді алыс-жақын елдерден келді. Димаш 3 сағат бойы тек жанды дауыста ән шырқады.

Фото: dimashnews.com

KZNEWS
Автордың басқа материалдары