Танымал актер Азамат Сатыбалды әріптесі Еркебұлан Тоқтарды үйіне шақырып, төрт қабатты баспанасын көрсетті. Өнер иесі зәулім үйді 28 жасында өз қаражатымен салғанын айтты, деп хабарлайды kznews.kz.
«Бұл үйді 28 жасымда өзім салдым. 30 жасымда көшіп кірдім. Содан бері осында тұрамын, ештеңесін өзгертпедім. Ол кезде тәжірибеміз жоқ, қызығып, қабаттарын көбейте бергенбіз. Сөйтіп, төрт қабатты үй болып шықты. Жалпы аумағы – 580 шаршы метр», – деді Азамат Сатыбалды.
Еркебұлан Тоқтармен бірге түсірілген үй шолуы әлеуметтік желіде көпшіліктің қызығушылығын оятты. Көрермендер актердің баспанасына тәнті болып қана қоймай, оның өмірге деген көзқарасы мен отбасы туралы айтқан әңгімелеріне де жылы пікір білдірді.
«Өзгертпеңіз, үйіңіз керемет», «Бұл кісіні жеткілікті бағаламаппын. Білімді, еңбекқор азамат екен», «Папа-мамамның киімін иіскеймін дегенде көзімнен жас бұрқ ете қалды», «Басқа қырынан таныдым», «Міне, көруге тұрарлық үй» деп жазды желі қолданушылары.