Атырауда полицейлерге шабуыл: екі қызметкер жарақат алды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

28 қазан күнгі ауа райы болжамы

28 қазан күнгі ауа райы болжамы

Сәрсенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр мен қар жауады

28 қазан күні Қазақстан аумағының басым бөлігінде жаңбыр мен қар жауады. Елдің тек батысында, оңтүстік-батысында және оңтүстігінде күн райы жауын-шашынсыз болады. Республиканың кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады, жел күшейеді, жаяу бұрқасын күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысында желдің екпіні 23-28 м/с күшейеді, кей жерлерде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі.

Ақмола облысында желдің екпіні түнде 23-28 м/с, күндіз кей жерлерде 15-20 м/с күшейеді. Жекелеген аумақтарда тұман, көктайғақ, бұрқасын болады.

Қостанай, Қарағанды, Павлодар облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі, жел 15-23 м/с күшейеді.

Түркістан облысының кей жерлерінде тұман болады, жел 15-20 м/с артады.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-25 м/с күшейеді.

Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.

Маңғыстау облысында күндіз кей жерлерде жел 15-20 м/с күшейеді.

Батыс Қазақстан, түнде және таңертең Атырау облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.

Автор
Данияр