Шоу-бизнес

24 қазан күнгі ауа райы болжамы

KZNEWS KZNEWS
24 қазан күнгі ауа райы болжамы

Сенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде қар мен жаңбыр жауады



24 қазан күні Қазақстанның басым бөлігінде қар мен жаңбыр жауады. Әсіресе солтүстік-батысында қатты жауын-шашын болады. Республиканың кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын болады. Жел екпіні күндіз 25 м/с дейін күшейеді.

Ақмола облысының кей жерлерінде тұман түседі, көктайғақ болады. Жаяу бұрқасын соғады, күндіз жел қарқыны - 15-20 м/с.

Қарағанды облысының кей жерлерінде көктайғақ болады, жел жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. Жаяу бұрқасын көтеріледі.

Атырау, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түседі, желдің күші - 15-20 м/с.

Қостанай облысының кей жерлерінде тұман түседі, жел екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді, түнде және таңертең – көктайғақ.

Ақтөбе облысында түнде кей жерлерде көктайғақ болады, күндіз жел қарқыны - 18 м/с.

Жамбыл, Павлодар, түнде және таңертең Алматы облыстарының кей жерлерінде тұман түседі,

Павлодар облысында – көктайғақ. Түнде Қызылорда облысында 1-6 градус үсік жүреді.

Ұқсас материалдар

Барлығы
KZNews.kz