KZNews.kz
Жаңалықтар

24 қаңтарда ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Дархан Тоқан
Фото: Ашық дереккөзі

«Қазгидромет» синоптиктері 24 қаңтар күні Қазақстанның бірнеше өңірінде жауын-шашын, бұрқасын, тұман және көктайғаққа байланысты дауылды ескерту жасады, деп хабарлайды Kznews.kz.

Синоптиктердің мәліметінше, бірқатар аймақта қар мен жаяу бұрқасын күшейіп, кей өңірлерде жаңбыр аралас қар жауып, жолда көктайғақ пайда болуы мүмкін. Тұман жиілейтін өңірлер де бар.

Түркістан облысының оңтүстігі мен таулы аудандарында қар, ал күндіз батысы, оңтүстігі және тау бөктерінде жаңбыр аралас қар күтіледі. Осы аумақтарда көктайғақ пен жаяу бұрқасын болжанып, тұман түседі. Жел оңтүстік-шығыстан соғып, кей жерлерде екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетуі ықтимал. Түркістан қаласында да күндіз жауын-шашын, бұрқасын, көктайғақ және тұман болуы мүмкін.

Шымкентте күндіз жаңбыр аралас қар жауып, жаяу бұрқасын мен көктайғақ қаупі сақталады. Қалада кей уақыттарда тұман түсіп, жел екпіні 15-20 м/с-қа дейін күшеюі ықтимал.

Қарағанды облысының батысы мен шығысында қар жауып, жаяу бұрқасын болады.

Ұлытау облысының батысы мен солтүстігінде, сондай-ақ күндіз өңірдің батысы, солтүстігі және орталық бөлігінде қар мен жаяу бұрқасын күтіледі. Жезқазғанда да күндіз қар жауып, бұрқасын соғуы мүмкін.

Қызылорда облысының солтүстігінде көктайғақ болжанып, солтүстік пен орталықта тұман күтіледі.

Маңғыстау облысының батысы, солтүстігі және орталығында тұман түседі. Солтүстік пен орталықта көктайғақ қаупі бар. Ақтауда түнде және таңертең тұман күтіледі.

Атырау облысының шығысында қар жауып, жаяу бұрқасын болады. Өңірдің батысы, солтүстігі және оңтүстігінде тұман күтіледі. Атырау қаласында да түнгі және таңғы мезгілде тұман түседі.

Ақтөбе облысының оңтүстігі, шығысы және орталығында қар мен жаяу бұрқасын күтіледі. Жел шығыс және солтүстік-шығыстан соғып, өңірдің орталығында екпіні 15-18 м/с-қа дейін жетуі мүмкін.

Жамбыл облысында тұман түседі, ал таулы аудандарда жел екпіні 15-20 м/с деңгейіне дейін күшеюі ықтимал. Таразда да кей уақыттарда тұман болады.

Павлодар облысының батысы, солтүстігі және шығысында тұман күтіледі. Павлодар қаласында да 24 қаңтарда тұман болжанған.

Абай облысында қар мен бұрқасын күтіледі, күндіз өңірдің солтүстігі мен орталығында қар күшейіп, бұрқасын соғуы мүмкін. Солтүстік пен оңтүстікте тұман түседі. Жел бағыты оңтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа ауысып, түнде оңтүстік пен орталықта екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетуі ықтимал.

Шығыс Қазақстан облысында қар мен бұрқасын болады, өңірдің солтүстігі мен оңтүстігінде тұман күтіледі. Жел бағыты өзгеріп, солтүстікте екпіні 15-20 м/с-қа дейін күшеюі мүмкін.

Қостанай облысының оңтүстігінде қар жауып, жаяу бұрқасын күтіледі. Батысы, солтүстігі және шығысында тұман болжанған. Қостанай қаласында түнде және таңертең тұман түседі.

Батыс Қазақстан облысының батысы мен оңтүстігінде аздаған қар жауып, жаяу бұрқасын болуы мүмкін. Батысы, солтүстігі және шығысында тұман күтіледі. Жел шығыс және солтүстік-шығыстан соғып, кей жерлерде екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетуі ықтимал. Оралда да тұман болжанған.

Ақмола облысының батысы, оңтүстігі және шығысында қар жауып, жаяу бұрқасын күтіледі.

Жетісу облысының шығысы мен таулы аудандарында кей уақыттарда тұман түсіп, жолдарда көктайғақ болуы мүмкін. Жел оңтүстік-шығыстан соғып, солтүстік пен шығыста екпіні 15-20 м/с-қа дейін күшеюі ықтимал.

Дархан Тоқан
Автордың басқа материалдары