“Жұбайымды шәкіртіме әйелдікке бердім” деген тұрғын жауапкершілікке тартылды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Қарғалыда көршісі кішкентай қыздың аузы мен қолын байлап, иесіз үйге апарып ұрған

Қарғалыда көршісі кішкентай қыздың аузы мен қолын байлап, иесіз үйге апарып ұрған

Қарғалыдағы баланың аузы мен қолын байлап, қараусыз жерге апарып ұрған әйел көршісі болып шықты.

Болған жағдай түсірілген видео әлеуметтік желіде тараған болатын. Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева видеоға қатысты фейсбук парақшасында пікір білдірді.

«Қыз табылды. Видеодағы әйел көршісі болып шықты. Әйел баланы қараусыз қалған ғимараттың аумағына апарып, алақанымен бетінен ұрған. Бұл туралы анасына айтып барсын деген. Қыздың анасының сөзінше, мұның себебі олардың ақшалай қарызы болуы мүмкін. Көрші әйел ауылдан кетіп қалған, оны іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Баламен мектеп психологы жұмыс істейтін болады», - деп жазды Динара Зәкиева.

Ақпарат: Nege.kz фото: ғаламтордан
Автор
Айбар