Халықтың 5 пайызы кедей: өңірлердің әлеуметтік әлеуеті әлсіреді ме?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

21 жастағы қыздың екі жыл жүрген сүйіктісі туған әкесі болып шықты

21 жастағы қыздың екі жыл жүрген сүйіктісі туған әкесі болып шықты
Фото: depositphotos.com

Жапонияда 21 жастағы студент қыз өзімен қарым-қатынаста болған ер адамның туған әкесі екенін кейіннен білген, деп хабарлайды kznews.kz Tokyo Reporter-ге сілтеме жасап.

Вакана Сонобе университетке түскеннен кейін 48 жастағы ауқатты ер адаммен танысады. Олардың таныстығы тез арада жақын қарым-қатынасқа ұласып, кейін қыз жүкті болып қалады.

Арада екі жылға жуық уақыт өткенде ғана ер адамның оның туған әкесі екені анықталады. Қыздың анасы оны 17 жасында дүниеге әкеліп, жалғыз өзі тәрбиелеген. Ал биологиялық әкесі бала кезінде тек материалдық көмек көрсеткенімен, аралас-құралас болмаған.

Қыз ер адаммен «папакацу» форматындағы танысу арқылы кездескені айтылады. Яғни орта жастағы ер адам жас қызға қаржылай көмектеседі. Екеуі де туыстық байланыс бар екенін білмеген.

Вакана ер адамды анасымен таныстырған кезде шындық ашылады — анасы оны бірден танып қойған.

Осыдан кейін қыз жүктілігін үзіп тастаған. Оның айтуынша, шындық белгілі болған соң қарым-қатынас та, сезім де күрт өзгерген.

Қазіргі уақытта Вакана университетті аяқтауда және болашақта өз бетінше өмір сүруді жоспарлап отыр. Ол әкесімен байланысын толық үзу мүмкіндігін де қарастырып жүр.

Автор
Дархан Тоқан

Журналист. Блогер. Фрилансер