Алексей Луценко Азия ойындарының алты дүркін чемпионы атанды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
ҚР, Астана қаласы, Әбікен Бектұров көшесі, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

"Ешкімге бұйырмасын": Семейдегі 19 жастағы қыздың өліміне қатысты тың дерек шықты

"Ешкімге бұйырмасын": Семейдегі 19 жастағы қыздың өліміне қатысты тың дерек шықты
Фото: polisia.kz

Күдікті – одан бас тарту алған соң "ол ешкімге бұйырмасын" деп шешкен 24 жастағы ер адам.

Семейде 19 жастағы қыз пышақ жарақатынан қаза тапты. Оқиғаға байланысты полиция 24 жастағы ер адамды ұстады. Алдын ала тергеу мәліметінше, марқұм мен күдікті бір-бірін таныған. Олардың арасында қызғаныштан жанжал шыққан, деп хабарлайды kznews.kz.

Еске салайық, қайғылы оқиға 21 қыркүйекте Семей маңындағы Водный кентінде болған. 19 жастағы қыз пышақ жарақатынан қаза тапты.

Марқұмның туыстары әлеуметтік желіде күдікті қызға бұған дейін сөз салғанын, алайда оның ұсынысын қабылдамағанын жазды.

«21 қыркүйекте Семей қаласында шамамен сағат 18:30-да небәрі 19 жастағы қарындасымды аяусыз өлтіріп кетті! Күдікті – одан бас тарту алған соң, "ол ешкімге бұйырмасын" деп шешкен 24 жастағы ер адам. Бұл алдын ала ұйымдастырылған топтық кісі өлтіру!» – деп жазды марқұмның туысы әлеуметтік желіде.

Туыстарының айтуынша, оқиғадан шамамен екі сағат өткен соң күдіктінің ұсталғаны туралы хабар алған. Қазір олар қылмысқа қатысы бар адамдардың жауапкершіліктен құтылып кетуінен қауіптеніп отыр.

Абай облысы Полиция департаменті Семейде 19 жастағы қыздың өліміне қатысты күдікті ұсталғанын растады.

Ведомствоның мәліметінше, 24 жастағы ер адам қылмыс ізін суытпай қолға түскен. Қазір ол уақытша ұстау изоляторында.

«Күдікті ізі суымай ұсталды. Ол ауданның 24 жастағы тұрғыны болып шықты. Қазіргі уақытта ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеудің алдын ала мәліметтері бойынша, күдікті мен 19 жастағы марқұм таныс болған. Олардың арасында қызғаныш негізінде жанжал туындаған», – деп хабарлады полицияның баспасөз қызметі.

Полиция марқұм мен күдіктінің бұрыннан таныс болғанын мәлімдеді. Ал қылмысқа бірнеше адамның қатысы бары туралы ақпарат әзірге расталған жоқ.

Алдын ала мәлімет бойынша, жанжал кезінде ер адам қызға пышақ жарақатын салған. Қыз алған жарақатынан қаза тапты.

Қазір бұл іс бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Полиция оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр.

Автор
Жарқын Омаров

C.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Журналистика факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған. 2025 жылдан бері kznews.kz тілшісі