Банктерде 52 триллион теңге бар: Тоқаев бұл қаржы енді экономикаға жұмыс істеуі керек деп санайды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
ҚР, Астана қаласы, Әбікен Бектұров көшесі, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

2027 жылдан бастап учаскелік дәрігерлер мен медбикелердің жалақысы 40% дейін өседі

2027 жылдан бастап учаскелік дәрігерлер мен медбикелердің жалақысы 40% дейін өседі
Фото: depositphotos.com

Мемлекет басшысының «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» Жолдауында айтылған тапсырмасы бойынша медицина қызметкерлері үшін үздіксіз еңбек өтілі мен психоэмоционалдық жүктемені ескере отырып, сараланған қосымша ақы енгізіледі. Бұл туралы Үкімет отырысында денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова баяндады, деп хабарлайды kznews.kz.

«Мемлекет басшысының тапсырмасы шеңберінде кадрлық әлеуетті нығайту және медициналық-санитариялық алғашқы көмек жүйесіндегі жұмыстың тартымдылығын арттыру мақсатында 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап учаскелік қызмет мамандарына сараланған қосымша ақы белгілеу ұсынылады. Емхана жүйесінде жұмыс істейтін учаскелік қызмет мамандарының жалақысы үздіксіз еңбек өтілін ескере отырып 40%-ға дейін ұлғаяды», - деді министр.

Өңірлерде аудандық ауруханалар, жедел жәрдем стансалары мен қан орталықтарын қоса алғанда, 70-ке жуық жаңа медициналық нысан салу жоспарлануда. Оның ішінде 8 перинаталдық орталық, 7 көпбейінді балалар ауруханасы, Балалар шұғыл көмек көрсету орталығы және Балалар хирургиясы орталығы бар. Сондай-ақ Балаларды оңалтудың ұлттық орталығының 5 жаңа үлгілік өңіраралық филиалын және 25 амбулаториялық-емханалық нысанды салу жоспарланған.
 

«Жобаларды жүзеге асыру 1,8 млн шаршы метр медициналық инфрақұрылымды құруға және жаңартуға, стационарлардағы төсек санын 9,2 мыңға ұлғайтуға және жаңғыртуға, сондай-ақ амбулаториялық көмек қуатын ауысымына 5 мыңнан астам келушіге көбейтуге мүмкіндік береді», - деді Ақмарал Әлназарова.

Автор
Жарқын Омаров

C.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Журналистика факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған. 2025 жылдан бері kznews.kz тілшісі