Әлеумет

2026 жылдан бастап зейнетақы жинағын қалай пайдалана аламыз

2026 жылдан бастап зейнетақы жинағын қалай пайдалана аламыз
Ашық дереккөз

Индустрия және құрылыс министрлігі тұрғын үй жағдайын жақсарту мақсатында біржолғы зейнетақы төлемдерін (БЗТ) пайдалану тәртібіне өзгерістер енгізуді көздейтін жобаға түсініктеме берді, деп хабарлайды kznews.kz.

Бүгінде банктер қарыз алушылардың зейнетақы жинақтарын негізгі қарызды да, ипотека бойынша пайыздарды (сыйақыны) да өтеуге пайдалана алады.

Жаңа ережелер қабылданса, зейнетақы жинақтарын тек негізгі қарызды төлеуге жұмсауға рұқсат етіледі. Яғни:

  • ай сайынғы төлем мөлшерін азайтуға;
  • ипотеканың жалпы мерзімін қысқартуға;
  • немесе осы екі тәсілді біріктіруге болады.

Ал пайыздық мөлшерлемені (банктің сыйақысын) БЗТ есебінен жабуға мүмкіндік болмайды.

Бұл бастама 2026 жылғы 1 қаңтардан күшіне енетін жаңа Салық кодексімен байланысты. Жаңа редакция бойынша азаматтар зейнетақы қорынан алынған төлемдерден жеке табыс салығын төлеуден босатылады.
Министрліктің айтуынша, түзетулер ипотекалық қарыз жүктемесін азайтуға және салық заңнамасымен сәйкестендіруге бағытталған.

Қазіргі таңда жоба қоғамдық талқылау сатысында, сондықтан оның мазмұны әлі де өзгеруі мүмкін.

Жаңа ереже қабылданса, зейнетақы жинағын ипотеканың тек негізгі бөлігіне (қарыздың өзіне) жұмсауға болады.
Бұл ай сайынғы төлемді азайтады немесе ипотеканы ертерек жабуға мүмкіндік береді.

Ал 2026 жылдан бастап зейнетақы төлемдерінен салық ұсталмайды.

Ұқсас материалдар

Барлығы
KZNews.kz