Әлеумет

2026 жылдан бастап зейнетақы қанша теңгеге өсетіні белгілі болды

2026 жылдан бастап зейнетақы қанша теңгеге өсетіні белгілі болды
Ашық дереккөз

2026 жылдан бастап елімізде зейнетақы қанша теңгеге өсетіні белгілі болды, деп хабарлайды kznews.kz.

Сенатқа Мәжіліс қабылдаған 2026-2028 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заң жобасы келіп түсті.

Құжатқа сәйкес, зейнеткерлік жасқа байланысты төленетін және еңбек сіңірген жылдары үшін берілетін зейнетақы төлемдеріне бөлінетін қаражат көлемін 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап 10 пайызға арттыру жоспарланып отыр.

Заң бойынша 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап әлеуметтік төлемдерге келесі көрсеткіштер белгіленеді:

  • ең төменгі жалақы мөлшері – 85 000 теңге;
  • мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері – 35 596 теңге;
  • ең төменгі зейнетақы мөлшері – 69 049 теңге;
  • айлық есептік көрсеткіш (АЕК) – 4325 теңге;
  • ең төменгі күнкөріс деңгейі – 50 851 теңге.

Ұқсас материалдар

Барлығы
KZNews.kz