«Қайран менің өз үйім»: қазақтың арманы неге қымбаттап барады?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

2023 жылдан бастап мектептердегі соңғы қоңырау 1 маусымда соғылады

2023 жылдан бастап мектептердегі соңғы қоңырау 1 маусымда соғылады

2023 жылы еліміздің оқушылары Халықаралық балаларды қорғау күнімен қатар соңғы қоңырауды 1 маусымда атап өтеді.

"Қазақстандық мектептердегі оқу жылының ұзақтығы 36 аптаны құрайды. Дәстүр бойынша, бәрімізге белгілі, оқу жылы 1 қыркүйектен басталады. Осы жылдан бастап оқу жылы 31 мамырда аяқталады. 31 мамыр - оқу күні, сабақтардан басқа, балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, сыныптан тыс іс-шаралар өткізіледі. 1 маусымда балалар жазғы демалысқа ресми түрде шығады. Бұл күн Халықаралық балаларды қорғау күні болып табылады. Осы мерекемен қатар соңғы қоңырау мерекелері өткізіледі", - деді орта білім Комитетінің төрағасы Гүлмира Кәрімова.
Бұған дейін депутат Аманжол Алтай 31 мамырда Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні болып жариялануына байланысты мектептерде соңғы қоңырау өткізу күнін ауыстыруды сұраған болатын. Ақпарат: http://Zakon.kz фото: Бату Хасикова телеграм арнасы
Автор
Нұрсұлтан