ка

2023 жылға арналған ең төменгі жалақы мен АЕК мөлшері белгіленді

25.08.2022 11:20
0
15
"2023 –2025 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" заң жобасын Қаржы министрлігі дайындады. Құжат "Ашық НҚА" ресми порталында жарияланды, - деп хабарлайды Kznews.kz тілшісі. Жобаға сәйкес, 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап:
  • жалақының ең төменгі мөлшері - 60 000 теңге;
  • мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері - 21 907 теңге;
  • зейнетақының ең төменгі мөлшері - 53 076 теңге;
  • Жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтік төлемдерді есептеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айыппұл санкцияларын, салықтарды және басқа да төлемдерді қолдану үшін айлық есептік көрсеткіш - 3 450 теңге;
  • базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу үшін ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасы - 40 567 теңге.
Бұдан басқа, құжатқа сәйкес, жасына байланысты зейнетақы төлемдеріне және еңбек еткен жылдары үшін зейнетақы төлемдеріне бағытталған қаражат оның мөлшерінің 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 10,5 пайызға артуын ескере отырып белгіленеді. Сондай-ақ, ӘМСҚ-ға төленуге жататын міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға мемлекет жарналарының мөлшері мемлекеттің жарналарын есептеу объектісінің 1,8 пайызына тең. Заң жобасы сайтта жария талқылау үшін 2022 жылғы 8 қыркүйекке дейін орналастырылған.
Пікірлер
(0)
Бұл жерде әлі ештеңе жоқ
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий