Усть-Лугадағы жаппай төбелес: үш қазақстандық тергеуде қалып отыр
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

2022 жылғы орташа ақшалай табыс көлемі анықталды

2022 жылғы орташа ақшалай табыс көлемі анықталды
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2022 жылғы ақпанда бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 272 968 теңгені құрады, деп хабарлайды Kznews.kz сайты Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап. “2022 жылғы қаңтардағы бағалау бойынша, халықтың жан басына шаққандағы орташа атаулы ақшалай табысы 136 243 теңгені (алдын ала деректер) құрады, бұл 2021 жылғы қаңтармен салыстырғанда 11,5%-ға жоғары. Көрсетілген кезеңдегі нақты ақшалай кірістер 2,8%-ға өсті”, - деп мәлімдеді Ұлттық статистика бюросы. Яғни, 2022 жылғы ақпан айындағы көрсеткішке сәйкес, бір қызметкердің орташа айлық жалақысы 272 968 теңгені құрады. Бір жыл ішінде қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 18,6%-ға өсті. Ақпан айында жұмыссыздар саны 451,3 мың адамды құрады. Жұмыссыздық деңгейі жұмыс күшінің 4,9% құрайды. Жұмыспен қамту органдарында жұмыссыз ретінде тіркелген адам саны 161,9 мың адамды немесе жұмыс күшінің 1,7%-ын құрап отыр.

(Фото http://24.kz сайтынан алынды)

Автор
Еркебұлан