KZNews.kz
Экономика

2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда әйелдердің зейнетке шығу жасы ұлғаяды

KZNEWS
Қазіргі уақытта Қазақстанда әйелдердің зейнет жасын кезең-кезеңімен ұлғайту қолға алынып жатыр. Соған байланысты зейнетке шығатын қазақстандықтар осы жылдың соңына дейін ХҚО-ға дер кезінде хабарласуы қажет, деп хабарлайды kznews.kz сайты alau.kz сайтына сілтеме жасап.

Неліктен зейнетке шығу үшін құжаттарды уақытында рәсімдеу керек

Бүгінде еліміздің зейнетақы жүйесіне бірқатар өзгерістер енгізіліп жатыр. Солардың бірі – әйелдердің зейнет жасын ұлғайту. Бұл өзгерісті жүзеге асыру үшін 2018-2027 жылдар аралығындағы 10 жыл ішінде әйелдердің зейнеткерлік жасын кезең-кезеңімен 63 жасқа дейін жеткізу жоспарланған. Яғни биыл қазақстандық әйелдер 60 жаста зейнетке шыққан болса, 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап 60 жас 6 ай болған кезде ғана зейнетке шыға алады. Зейнеткерлікке шығу жасы ерлер үшін – 63 жас, әйелдер үшін – 60 жас (2021 ж.). «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» ҚР Заңының 11-бабына сәйкес әйелдердің зейнеткерлік жасы 2027 жылға дейін жыл сайын 6 айға ұлғайтылып отырады.

Әйелдердің зейнеткерлік жасын кезең-кезеңмен ұлғайту:

Ерте жаста зейнетке шығу қарастырылған:

1) 1949 жылғы 29 тамыздан бастап 1963 жылғы 5 шілдеге дейін (кемінде 5 жыл) Семей ядролық сынақ полигонында ядролық қаруды сынақтан өткізудің салдарынан зардап шеккен төтенше және ең жоғары радиациялық қауіпті аймақтарда тұрған азаматтар; 2) 5 және одан да көп бала туған (асырап алған) және оларды сегіз жасқа дейін тәрбиелеген әйелдер 53 жасқа толған кезде жасы бойынша зейнетақы төлемдерін алуға құқылы.
KZNEWS
Автордың басқа материалдары