«Қайран менің өз үйім»: қазақтың арманы неге қымбаттап барады?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

2020 жылы 1 сәуірден бастап зейнетақы мен жәрдемақы көлемі қаншаға өсті

2020 жылы 1 сәуірден бастап зейнетақы мен жәрдемақы көлемі қаншаға өсті

Қайта есептеу автоматты түрде жүргізіледі, ол үшін қандай да бір құжаттарды өткізудің қажеті жоқ.

Алматы қаласы Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті департаментінің бастығы Айдынжан Нарматов онлайн-брифинг барысында қайта индексациялау кезіндегі зейнетақы мен жәрдемақылардың жаңа мөлшері туралы айтты, деп хабарлайды zakon.kz. Басқарманың мәліметінше, Алматы қаласында ​​зейнетақы мен жәрдемақы алушылардың жалпы саны (мүгедектігі бар баланы, асыраушысынан айрылу, көп балалы отбасылар, мүгедектер және басқалары үшін) - 589 177 адам, олардың 230 мыңы - зейнет жасына толғандар. Бүгінгі күні барлығының зейнетақысы мен жәрдемақысы жылдық есеппен 10% -ға көтеріледі.
Жасы бойынша және еңбек өтілі бойынша зейнетақы төлемдерінің 2020 жылдың 1 сәуіріне дейін алған көлемі 5 процетке 2020 жылдың 1 сәуірінен бастап артады. 1 сәуірден бастап мемлекеттік базалық зейнетақы төлемдерінің және басқа да мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың, мемлекеттік арнайы жәрдемақылардың мөлшері күнкөріс деңгейінің өсуіне және айлық есептік көрсеткіштің ұлғаюына байланысты өсті.Үстіміздегі жылдың 1 қаңтарынан бастап барлық әлеуметтік төлемдердің мөлшері 5% -ға өсті. Қазір олар тағы 5% -ға артты, сонда ол 10% құрайды, - деді ол.
Қайта есептеу жүргізіледі, зейнеткерлер мен жәрдемақы алушыларға МЗТО-ға барып, өтініш берудің қажеті жоқ.
Мамыр айында олар зейнетақы мен жәрдемақыларын көтерілген мөлшерде алады, сонымен бірге мамыр айында сәуір айындағы айырмасын да алады, бұл үшін басқа жерге жүгінудің қажеті жоқ, - деді ол.
Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың зейнетақылар мен мемлекеттік жәрдемақылардың көлемін жылдық есеппен 10% индекстеу туралы тапсырмасы болғанын еске саламыз.
Автор
Әлихан