«Қайран менің өз үйім»: қазақтың арманы неге қымбаттап барады?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

2019 жылы 12 мың адам келіп, 45 мың адам елден кетті

2019 жылы 12 мың адам келіп, 45 мың адам елден кетті

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

4 0 0

Қазақстаннан 31,5 мың еңбекке қабілетті азамат көшіп кетті, олардың басым бөлігі 3 облыстан қоныс аударды

АЛМАТЫ, 12 наурыз – Sputnik. 2019 жылы Қазақстандағы ішкі көші-қон ағыны 1,1 миллион адамға жетті. Өткен жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш 25,6%-ке көп, деп хабарлады Ranking.kz.

Ал сыртқы көші-қон бойынша 2019 жылдың қаңтар-желтоқсаны аралығында 12 260 адам келіп, 45 200 адам елден кеткен.

"Қазақстанға келген мигранттардың ішінде балалар мен жасөспірімдердің саны – 1,7 мың адам. Сондай-ақ, 9 500 еңбекке жарамды тұрғын және 1,1 мың зейнеткер бар. Ал елден кеткендердің 11,7 мыңы бала мен жасөспірім, 31,5 мыңы еңбекке қабілетті азамат және 2,1 мыңы зейнеткер", - делінген ақпаратта.

Елге келгендердің басым бөлігі – қазақтар. Бір жыл ішінде 7 мың қазақ, 2 650 орыс, 301 қарақалпақ келген. 32,8 мың орыс, 3 200 неміс және 3 мың украин елден кетті.

"Иммигранттардың басым бөлігі Маңғыстау (2 500 адам), Алматы облысына (2 100 адам) және Алматыға (1 400 адам) қоныстанды. Эмигранттардың басым бөлігі 3 облыстан кетті. Олар: Шығыс Қазақстаннан 7 100 адам, Қарағанды облысынан 5 800 адам, Қостанай облысынан 5 700 адам", - делінген ақпаратта.

Оқи отырыңыз: Министр оралмандардың еңбек өтілі неге есептелмей жүргенін айтты

ТМД елдері ішінде Қазақстанға ең көп мигрант Өзбекстаннан қоныс аударды – 4, 16 мың адам, Ресей Федерациясынан 3 400 адам және Түрікменстаннан  874 адам келді.

Ал Қазақстаннан Ресей Федерациясына 39 800 адам қоныс аударды. Сондай-ақ, Өзбекстанға 435 адам және Беларуске 356 адам кетті.


sputniknews.kz
Автор
Нұрсұлтан