"20 млн теңгеден сәл асады": Энергетика министрі табысы қанша екенін айтты
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

2019 жылдан бастап медицина мамандығын таңдаған талапкерлер арнайы емтихан тапсырады

2019 жылдан бастап медицина мамандығын таңдаған талапкерлер арнайы емтихан тапсырады

Астана, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ләззат Ақтаева келесі жылдан бастап медицина саласын таңдаған талапкерлерге талап күшейтілетінін айтты.

«Бүгінгі таңда елімізде 5 мемлекеттік медициналық жоғары оқу орны, 4 мемлекеттік емес жоғары оқу орны, көп профильді білім беру ұйымдар құрамындағы 6 факультет медициналық білім береді. Жалпы, биылғы оқу жылында оқуға, бірінші курсқа 6 мың 373 адам қабылданды. Ал 2018 жылы 6 мың 496 адам оқу бітірді», - деді Ақтаева Сенатта өтіп жатқан «ҚР-да кәсіптік білім беру сапасын заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз етудің өзекті мәселелері» атты дөңгелек үстелде.

Вице-министрдің айтуынша, медициналық жоғары оқу орындарына түсуге студенттерді іріктеу үшін оларды арнайы емтиханнан өткізу қажеттігі заң жүзінде енгізілді.

«Яғни, келесі жылы 2019 жылғы талапкерлер арнайы емтихан тапсыратын болады», - деді Ләззат Ақтаева.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Дереккөз: BAQ.KZ
Автор
Жандос