Тележүргізуші Динара Сәтжан 44 жасқа толды. Ол туған күніне орай Instagram парақшасында видео жариялап, жасы туралы ойымен бөлісті, деп хабарлайды kznews.kz
«Студент кезімде 40 жастағыларды қарт деп ойлайтынмын. Бүгін мен 44-темін. Таңертең 7:50-де ояндым да, өзімді 20 жасымдағыдай сезіндім. Басым ауырмайды, арқам сықырламайды. Жан дүниемде от бар», – деп жазды ол.
Тележүргізушінің айтуынша, жастық әжімнің болмауымен өлшенбейді. Ол жастықты ертеңгі күнге қызығушылық танытып, сүюге, шығармашылықпен айналысуға, білім алып, армандауға құштар болумен байланыстырды.
Желі қолданушылары Динара Сәтжанды туған күнімен құттықтап, оның келбетіне жылы лебіздерін білдіріп жатыр.