АҚШ Үкіметімен тонның ішкі бауындай жұмыс істейтін U.S. Geological Survey атты компания әлемдегі пайдалы қазбалар қорының көлемін есептеп шығарыпты.
Биылғы тізімде Қазақстан да жүр. Мәселен, дүниежүзіндегі мыс қорының үлесі бойынша еліміз 12-орында екен. Компанияның деректеріне сәйкес, 2026 жылдың ақпан айындағы жағдай бойынша әлемдік мыс қоры шамамен 980 млн тоннаны құрайды. Ал мұндағы Қазақстанның үлесі шамамен 20 млн тонна болады. Яғни, әлемдік мыс қорының 2 пайызы қазақ даласында жатыр дегенсөз. Бұл көрсеткіш елімізді мыс кеніші бойынша ықпалға ие елдер тізімде 12-орынға шығарады.
Жалпы, алғашқы ондықтағы елдердің тізімі былай түзілген: 1-орында Чили,180 млн тонна, 2-орында Австралия, 100 млн тонна, ал 3-орында Перу 85 млн тонна мыс қорымен TOP-3 тізімді бастаса, ары қарай 80 млн тонна мыс қоры бар Ресей мен Конго Демократиялық Республикасы 4-5 орындарда тұрса, 6-орынға 53 млн тонна мысы бар Мексика көтерілген. Ал алпауыт АҚШ бұл тізімде 7-орында, 47 млн тонна мыс қоры бар. Сәйкесінше, 8-орын Қытай, 41 млн тонна, 9-орын Польша, 33 млн тонна және 10-орын Замбия, 21 млн тонна мыс қорымен тізімді түйіндейді. Ал Қазақстан 11-орындағы, 21 млн тонна мысы бар Индонезияден кейін тұр.
Жалпы, бұдан әлемдегі басқа елдерде мыс кеніші мүлдем жоқ деген түсінік тумауы керек. U.S. Geological Survey мәліметінше, тізімдегі 12 елден басқа мемлекеттердегі мыстың жиынтық қоры 210 млн тоннаны құрайтын көрінеді.
Айтпақшы, Қазақстандағы нақты мыс ресурстары ресми статистикадан едәуір жоғары болуы мүмкін екен. Геологиялық барлау жұмыстарының болжамды дерегі бойынша еліміздің мыс қоры 20 млн тонна емес, одан 1,5 есеге дейін артуымүмкін. Яғни, бұл жағдай елдегі геологиялық барлау жұмыстарының толық жүргізілмеуі себепті және жаңа жобалар бойынша деректердің қайта қаралуымен байланысты өзгеруі ықтимал екен.