Қазақстанның облыс әкімдерінің рейтингі жарияланды: көш басында кім тұр?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

2-4 наурыз күндеріндегі ауа райына болжам

2-4 наурыз күндеріндегі ауа райына болжам

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

1 0 0

"Қазгидромет" РМК алдағы 2-4 наурыз күндеріндегі ауа райына болжам жасады

АСТАНА, 1 наурыз – Sputnik. Синоптиктердің болжамынша, алдағы демалыс күндері республиканың басым аумағында қар жауып, бұрқасындатады, көктайғақ болады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Қазгидрометтің" ақпаратынша, елімізге Орталық Азия мен Ресейдің еуропалық бөлігінен біруақытта циклондар ығысуда. Сондықтан алдағы демалыс күндері республикада күрделі метеорологиялық жағдай сақталады деп болжанып отыр.  

"Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық ағымдардың әсерінен қар жауып, бұрқасындатады, жел күшейіп, көктайғақ болады. Ал оңтүстік облыстарда жаңбыр мен жабысқақ қар жауады, дүйсенбі күні қатты жауын-шашын болуы мүмкін", - делінген хабарламада.

Бұл күндері ауа температурасы да құбылады, бірақ батыстан басқа аймақтарда климаттық нормадан жоғары болады. Ал батыста нормаға жақын және төмен болады деп болжануда.


sputniknews.kz
Автор
Арман