Ұлытаулық ақсақал Парижге дейін үш мың шақырымға жуық жолды жаяу жүріп өтті
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

19 жастағы қыз дәретханада босанып, баласын өлтіріп тастаған

19 жастағы қыз дәретханада босанып, баласын өлтіріп тастаған
Фото: © www.globallookpress.com/Shingo Tosha/AFLO

Үндістанда Foxconn зауытының 19 жастағы қызметкері дәретханада босанып, кейін жаңа туған сәбиді өлтірген, деп хабарлайды kznews.kz NDTV арнасына сілтеме жасап.

Тергеу мәліметінше, толғағы күтпеген жерден басталған. Қыз дәретханаға кірген кезде толғағы ұстап, сол жерде сәби дүниеге келген. Алайда ол тұрмыс құрмаған болғандықтан, ұят пен қоғамның сөгісінен қорқып, нәрестені тамағынан кесіп өлтірген.

Оқиға басқа бір қызметкер дәретханаға кіріп, сөмкенің ішінен сәбидің денесін тапқан кезде белгілі болған. Ол бірден полицияға хабар берген. Оқиға орнына келген құқық қорғау органдары тексеру жүргізіп, нәрестенің туғаннан кейін өлтірілгенін растады.

Қыз медициналық көмек көрсету үшін ауруханаға жеткізілді. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Еске салсақ, бұған дейін 24 наурызда Бангкоктағы сауда орталығының дәретханасынан жаңа туған нәрестенің денесі табылғаны хабарланған болатын.

Автор
Дархан Тоқан

Журналист. Блогер. Фрилансер