Блэкаут: Қырғызстандағы апат Қазақстанның энергетикалық жүйесін істен шығарды ма?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Түркістанда баласын әжетхана туып, өзі көміп тастаған әйел екі жылға сотталды

Түркістанда баласын әжетхана туып, өзі көміп тастаған әйел екі жылға сотталды

Түркістан облысының Сайрам ауданында жаңа туған нәрестенің өліміне қатысты қылмыстық іс қаралып, сот үкімі шықты. Сот әйелді өз сәбиін өлтіргені үшін кінәлі деп танып, оған екі жылға бас бостандығын шектеужазасын тағайындады. Үкім заңды күшіне енген, деп хабарлайды kznews.kz.

Сот материалдарына сәйкес, әйел 2025 жылдың сәуірінде жүкті болған. Алайда ол жүктілігін жақындарынан жасырып, медициналық есепке тұрмаған және тиісті тексерулерден өтпеген.

Арада бірнеше ай өткен соң, 2025 жылдың желтоқсанында жүктіліктің тоғызыншы айында әйел үйінің ауласындағы дәретханада медициналық көмексіз босанған. Сот анықтағандай, нәресте тірі туған.

Босанғаннан кейін әйел сәбидің өмірін сақтап қалуға әрекет жасамаған. Керісінше, жаңа туған баланы дәретхана шұңқырына тастап, оның үстіне құм, тас және топырақ төккен. Сот оның бұл әрекетін жаңа туған нәрестені өлтіру ретінде бағалады.

Сот отырысында әйел тағылған айыпты толық мойындаған. Іс Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 100-бабының 2-бөлігі бойынша қаралған. Бұл бап ананың жаңа туған баласын өлтіруіне қатысты жауапкершілікті көздейді.

Нәтижесінде сот әйелді кінәлі деп танып, екі жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады. Сот үкімі заңды күшіне енді.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.