Хромтау аудандық соты өңірге танымал кәсіпкердің ұлын адам өліміне әкелген жол ережесін бұзғаны үшін кінәлі деп таныды, деп хабарлайды kznews.kz Ulysmedia.kz порталына сілтеме жасап.
Жол апаты 27 маусымда Ақтөбе – Хромтау тасжолында болған. Бекнұр Нұрланов басқарған көлік аударылып, жолаушы Айым Жеңісова ауыр жарақатпен ауруханаға жеткізілген. 18 жастағы бойжеткен кейін көз жұмған.
Сот Нұрлановты Қылмыстық кодекстің 345-бабының 3-бөлігі бойынша кінәлі деп танып, алты айға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Бұл мерзім өтелген деп есептелгендіктен, ол бостандыққа шықты.
Бұған дейін марқұмның жақындары істің әділ әрі ашық тергелуін талап етіп, қоғамға үндеу жолдаған. Олар Нұрлановтың ата-анасы өңірге белгілі кәсіпкерлер болғандықтан, тергеудің объективтілігіне алаңдайтынын айтқан.
Ал Нұрлановтың адвокаты Нұрсұлу Дәултаева оның ата-анасы тергеуге ықпал етуі мүмкін деген тұжырымға негіз жоқ екенін мәлімдеген.