Инфляция индексі: үйдегі есепті базардағы баға бұзар...
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

16 жастағы қызды зорлап, өлтірген: Түркістан облысында күдікті өмір бойына бас бостандығынан айырылды

16 жастағы қызды зорлап, өлтірген: Түркістан облысында күдікті өмір бойына бас бостандығынан айырылды

Түркістан облысында 16 жастағы қызды зорлап, өлтірді деп айыпталған күдікті өмір бойына бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды kznews.kz

Сонымен қатар сот шешіміне сәйкес, ол марқұмның туыстарына моральдық зиян келтіргені үшін 50 миллион теңге өтемақы төлеуге тиіс. Қылмыстық іс "Кісі өлтіру", "Зорлау" және "Жыныстық сипаттағы зорлық әрекеттері" баптары бойынша қаралды.

Сот барысында айыпталушы кінәсін толық мойындамай, өзін ақтауды сұраған. Алайда тергеу материалдары оның қылмысқа қатысы бар екенін дәлелдеді. 

Еске салайық, қайғылы оқиға биыл маусымда Төрткүл ауылында болған. Дүкенде жұмыс істеген жасөспірім қыз үйіне қайтып бара жатқан кезде із-түзсіз жоғалып кеткен. Келесі күні полиция марқұмның денесін жол бойындағы балабақша маңынан тапқан. Күдікті ретінде дүкен маңында жұмыс істеген шетел азаматы ұсталды. Істің ерекшелігіне байланысты негізгі сот отырысы жабық режимде өтті.

Автор
Торғын Абушахман

Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.