Халықты жұмыспен қамту қағаз жүзінде ғана ма?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

“1,5 миллион қалың мал, әке рұқсаты болды”: Сарыағашта алып қашып, зорланды деген бойжеткенге қатысты сұмдық деректер шықты

“1,5 миллион қалың мал, әке рұқсаты болды”: Сарыағашта алып қашып, зорланды деген бойжеткенге қатысты сұмдық деректер шықты
Фото: halyqystan

Түркістан облысында 17 жастағы қызды алып қашу ісіне қатысты дау күтпеген бағыт алды. Қоғамда резонанс тудырып, Мемлекет басшысының да назарын аудартқан жағдайға байланысты қамауға алынған жігіттің анасы оқиғаның ресми нұсқамен сәйкес келмейтінін айтты, деп хабарлайды kznews.kz.

Күдіктінің анасы Зүлфия Елібаеваның сөзінше, бұл жағдайды күш қолдану немесе зорлық-зомбылық деп бағалауға болмайды. Оның айтуынша, қыз жігіттің үйіне өз еркімен, отбасы мүшелерінің келісімімен келген.

«Қыз әжесі мен әкесінің рұқсатын алып келді. Біз қыздың жақындарын күтіп алып, қалыңмал ретінде 1,5 миллион теңге табыстадық. Кейіннен қыздың жасауы да жеткізілді», – деді ол.

Сонымен бірге, Зүлфия Елібаева бұл істің артында материалдық мүдде болуы мүмкін екенін меңзеп, бойжеткеннің анасы да құқық қорғау органдарының назарына іліккенін атап өтті. Айтуынша, жәбірленуші тараптың анасы бұрын сотталып, 5 жылға бас бостандығынан айырылған.

Қазіргі уақытта Сарыағаш ауданына қарасты Дербісек ауылында болған бұл оқиғаға байланысты ҚР Қылмыстық кодексінің 125-1-бабы – «Некеге тұруға мәжбүрлеу» бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. Іс аясында күдікті деп танылған жас жігіт қамауда отыр.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.