Алматылықтардың үрейін алған "қайыршы" жасөспірімдерді полиция ұстады
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

14 жастағы қыз жігітімен кездесемін деп үйінен қашып кеткен

14 жастағы қыз жігітімен кездесемін деп үйінен қашып кеткен

Шымкенттік жасөспірім қыз әлеуметтік желіде танысқан жігітімен кездеспекші болған.


Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, үйінен қашып кеткен жасөсіпірімді Шымкент көшелерінің бірінен табылды.

Алғашында қыздың ата-анасы оны ағайын-туыстарының үйінен іздестіріп, өздері табуға тырысқан. Алайда ол әрекеттерінен ештеңе шықпаған. Содан олар полицияның көмегіне жүгінген.

«Қабылданған шаралар мен іздестіру жұмыстарының нәтижесінде Түркістан полициясы қыздың әлеуметтік желі арқылы жігітпен кездесіп, Шымкентке кеткенін анықтады. Құқық қорғау органдары жоғалған қызды мегаполис көшелерінің бірінен тауып, үйіне ата-анасына жеткізді», – деп хабарлады баспасөз қызметі.

aikyn.kz

Автор
Данияр