"Ұлттық қор – балаларға": әр балаға 130,71 доллар аударылды
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

14 жастағы Олимпиада чемпионының отбасы 17 млрд теңге ақшадан бас тартты

14 жастағы Олимпиада чемпионының отбасы 17 млрд теңге ақшадан бас тартты

Токио Олимпиадасында суға секіруден чемпион болған Цюань Хунчанның отбасы 30 миллион фунт стерлингтен (шамамен 17 млрд теңге) бас тартты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Mirror сайтына сілтеме жасап.

Ақшадан бөлек, 14 жастағы спортшының отбасына тегін жиһаз, ойын-сауық парктері мен хайуанаттар бағына өмірінің соңына дейінгі тегін билеттер, азық-түлік пен басқа да сыйлықтар ұсынылған. Алайда Хунчанның әкесі мұның барлығынан бас тартқанын мәлімдеді.

Ол сондай-ақ, қызының жанкүйерлерінен туған ауылына жеке сапарларын тоқтатуды сұрады, өйткені көптеген адамдардың келуі ауыл өмірін тоқтатып тастаған.

Хунчань Токио Олимпиадасында 10 метрлік биіктіктен суға секіруден күтпеген жерден алтын медаль иеленді. Бұған дейін ол тек ел чемпионатында жеңіске жеткен.

Автор
Айбар