KZNEWS.KZ
Шоу-бизнес

14 млн теңге пара: Алматыда мәйітхана директоры ұсталды

• Данияр

Алматыдағы мәйітхана директоры ірі көлемде пара алды деген күдікке ілінді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет прокуратурамен бірлесіп "Қалалық патологиялық бюроның" директорын ұстады.

"Ол қалада салынып жатқан патологиялық-анатомиялық бюрода медициналық жабдықты жеткізуді қабылдау-тапсыру актісіне қол қою үшін кәсіпкерден 14 миллион теңге пара алды деген күдікке ілінді", - деді органдағылар.

Күдікті Алматыдағы тергеу изоляторына қамалған.

Данияр
Журналист
Автордың басқа материалдары →