Инфляция индексі: үйдегі есепті базардағы баға бұзар...
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

13 жыл бойы іздеуде болған Air India ұшағы әуежай аумағынан табылды

13 жыл бойы іздеуде болған Air India ұшағы әуежай аумағынан табылды

Он үш жыл бұрын жоғалған деп есептелген Air India әуе компаниясының Boeing 737-200 жолаушылар ұшағы табылды, деп хабарлайды kznews.kz.

The Sun дерегінше, әуе кемесі 2012 жылдан бері есептен жоғалғандар қатарында болған. Ұшақ әуелі пайдаланудан шығарылып, кейін Үндістанның пошта қызметіне жалға берілген. Алайда кадрлық өзгерістер мен құжаттағы олқылықтарға байланысты әуе кемесі ұзақ уақыт бойы назардан тыс қалған.

Жағдай Калькутта әуежайы әкімшілігі Boeing 737-200 ұшағын ресми түрде әуежай аумағынан шығаруды талап еткеннен кейін ғана белгілі болды. Бастапқыда Air India өкілдері ұшақ компанияға тиесілі емес екенін айтқанымен, ішкі тексеріс нәтижесінде салмағы шамамен 30 тонна, ұзындығы 30 метр болатын әуе кемесінің шынымен де жоғалып кеткен ұшақ екені анықталды.

Тұрақ ережелерін бұзғаны үшін әуе компаниясына 114 мың АҚШ доллары көлемінде айыппұл салынды. Екі апта бұрын ұшақ Бангалор қаласына жеткізіліп, қазіргі уақытта ұшу құрамының жердегі жаттығулары үшін пайдаланылып жатыр.

Ресми тұлғалардың мәліметінше, соңғы бес жылда Калькутта әуежайы аумағында осындай себеппен 14-ші қалдырылған ұшақ анықталған.

Автор
Торғын Абушахман

Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.