Алматылықтардың үрейін алған "қайыршы" жасөспірімдерді полиция ұстады
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

12 жасында мектеп бітірген оқушы NASA-ға жұмысқа тұрмақ

12 жасында мектеп бітірген оқушы NASA-ға жұмысқа тұрмақ

Америкада небәрі 12 жастағы қыз бала мектепті мерзімінен бұрын тәмамдап, енді университетке түсуді жоспарлап отыр. Алдағы уақытта ғарыш әлемін игермек.

Алина Уикер есімді ақылды ару кішкентайынан Lego құрастырғанды жақсы көреді. Осы жасына дейін ол орта мектептің барлық бағдарламасын игеріп үлгерген. Енді білімін мемлекеттік университетте жалғастыруды жоспарлап отыр.

Дәл қазір астрономия, химия сынды пәтердерді ерекше жақсы көреді. Мақсаты — 16 жасқа толғанда NASA-ға жұмысқа орналасып, ғарыш әлемін зерттеуге арналған марсоходтар құрастырмақ.

"Жасыңыздың қаншада екені немесе қандай жоспарыңыздың бары маңызды емес. Бастысы армандай білсеңіз, барлық мақсатыңызға қол жеткізесіз", — дейді америкалық оқушы. 

Автор
Нұрсұлтан