Президент мерзімінен бұрын қызметтен кетсе, екі айдың ішінде кезектен тыс сайлау өтеді - Тоқаев
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

11 адам көз жұмып, 29-ы жарақаттанды: Алматы-Ташкент тасжолында жантүршігерлік апат болды - Қазақстан жаңалықтары

11 адам көз жұмып, 29-ы жарақаттанды: Алматы-Ташкент тасжолында жантүршігерлік апат болды - Қазақстан жаңалықтары

Бүгін, 20 сәуірде, таңғы сағат 5-те Жамбыл облысының Қордай ауданында Алматы-Ташкент автожолының 181-ші шақырымында "Тойота камри" маркалы көлік жол бойында тоқтап тұрған жүк көлігіне соғылды. Апат салдарынан 11 адам көз жұмып, 29 адам зардап шекті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі ІІМ-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тас жол бойында артынан келе жатқан автобус осы автокөліктерге соғылмайын деп әрекеттенгенде, жолдан шығып құлап кеткен. 

ЖКО нәтижесінде сол жерде 8 адам қаза тауып, 32 адам медициналық мекемелерге жеткізілді, алған жарақаттарының салдарынан тағы да 3 адам ауруханада қайтыс болды.

«Оқиға орнына облыс әкімінің бірінші орынбасары, облыс прокуроры, облыстық полиция, төтенше жағдайлар департаменттерінің және қорғаныс істері басқармасының басшылары барды.

Апаттан құтқару жұмыстарына 50 адам және жедел-құтқару, апатты медицина қызметінің және облыстық полиция департаментінің 15 техникасы, сондай-ақ ІІМ ТЖК «Қазәуеқұтқару» қызметінің тікұшағы қатысты», - делінеді хабарламада. 

Апаттан зардап шеккендерге медициналық көмек көрсету үшін, облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы тәжірибелі үш хирургті алып, оқиға орнына келді.

Облыс әкімдігі дедел штаб жұмысын ұйымдастырды, облыстың төтенше жағдайлар департаментінде психологтардың кезекшілігі қосылған «қауырт желі» құрылды. Зардап шеккендердің туыстары +7(7262) 513575 және +7(7262)514167 нөмірлеріне хабарласа алады.  

Жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 345-бабы 4-бөлігі (Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Ішкі істер министрінің тапсырмасы бойынша ІІМ мен облыстың полиция департаменті қызметкерлерінен жедел-тергеу тобы құрылды. 

Оқиғаның мән-жайы тергеу барысында сараптама қорытындысы ескеріле отырып, анықталатын болады.


stan.kz
Автор
Жандос

Журналист