Қазақстанда әйелдер саны 10 миллион 488 мың 74 адамға жетті, деп хабарлайды kznews.kz.
Бұл ел халқының 51,1%-ын құрайды. Мәліметті Ұлттық статистика бюросы ұсынды.
Әйелдер саны ең көп өңірлер
Қазақстанда әйелдер ең көп тұратын өңірлер:
• Алматы — шамамен 1,2 млн
• Түркістан облысы — шамамен 1 млн
• Астана — 803,5 мың
• Алматы облысы — 778,5 мың
Жас құрылымы
Қазақстандағы әйелдердің жас ерекшелігі төмендегідей:
• 15 жасқа дейін — 29,1%
шамамен 3 052 029 қыз бала
• 16–60 жас аралығы — 55,5%
шамамен 5 821 881 әйел
• 61 жастан жоғары — 15,4%
шамамен 1 614 164 әйел
Қазақстандық әйелдердің орташа жасы — 34,1 жас.
Ал күтілетін өмір сүру ұзақтығы — 79,4 жыл.
Жұмыс және кәсіп
Елдегі жұмыс істейтін адамдардың ішінде әйелдердің үлесі 48%, бұл шамамен 4,4 миллион адам.
• Жалдамалы қызметкерлердің арасында — 50%
• Өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың ішінде — 45%
Әйелдер ең көп жұмыс істейтін салалар:
• Білім беру — 20%
• Сауда — 19%
• Денсаулық сақтау — 10%
Сонымен қатар, жеке кәсіпкерлердің (ИП) ішінде әйелдердің үлесі 50,8%.
Жұмыс істейтін әйелдердің ең үлкен тобы 35–44 жас аралығында. Бұл шамамен 1,3 миллион адам.