Ақталмақ болған Шалқардың бұрынғы әкімі алаяққа 4 миллион теңге берген
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

“100 жылқы ұрлады деп 7 жылға соттаған”: Руслан Өтепбай жала жабылған 60 жастағы қарияның ісімен айналыспақ

“100 жылқы ұрлады деп 7 жылға соттаған”: Руслан Өтепбай жала жабылған 60 жастағы қарияның ісімен айналыспақ
Фото: әлеуметтік желі

Журналист Руслан Өтепбай Ақтөбе облысында 100 жылқы ұрлады деген айыппен сотталған, кейін апелляциялық сатыда ақталған жылқышы Рахат Сәрсеновтің ісін жан-жақты зерттеуге кіріскенін мәлімдеді. Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі жеке парақшасында жазды, деп хабарлайды kznews.kz.

Журналистің айтуынша, өмірінің 33 жылын жылқы бағуға арнаған 60 жастағы Рахат Сәрсеновтің қылмыстық ісінде жауапсыз қалған сұрақтар көп. Осыған байланысты ол істің мән-жайын анықтау үшін Ақтөбеге арнайы барғанын жеткізді.

«Саналы ғұмырын мал бағуға арнаған Рахат Сәрсеновтің ісі бойынша Ақтөбеге аттандым. 33 жыл бойы жылқы баққан 60 жастағы азамат 100 жылқы ұрлады деген айыппен 7 жылға сотталған. Алайда апелляциялық сот істі қайта қарап, оны сот залынан босатты. Бұл істе жауапсыз сұрақ өте көп. 100 жылқы туралы айып қалай тағылды? Алғашқы сот қандай дәлелдерге сүйеніп, Рахат Сәрсеновті жеті жылға бас бостандығынан айырды? Заң талаптары толық сақталды ма? Апелляциялық соттың үкімі заңды күшіне енді ме?» – деп жазды Руслан Өтепбай.

Еске салсақ, бұған дейін Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі соты шаруа қожалығы иесінің арызы негізінде Рахат Сәрсеновті 100 жылқыны жымқырды деп танып, оны жеті жылға бас бостандығынан айырған болатын. Сонымен қатар сотталған азаматқа шамамен 30 миллион теңге көлеміндегі материалдық шығынды өтеу міндеті де жүктелген еді.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.