Мәселен, биылғы бөлшек саудадағы төлемдердің 88 пайызы қолма-қол ақшасыз жүргізілген екен. Яғни, жұмсалған әр 100 теңгенің шамамен 12 теңгесі ғана қолма-қол төленген.
Салыстыру үшін алсақ, 2019 жылы Қазақстандағы қолма-қол ақшасыз төлемдердің үлесі 67 пайыз болған. Яғни, сол кезде әр 100 теңгенің 33 теңгесі қолма-қол төленген болыпшығады.
Осылайша, жеті жыл ішінде қолма-қол төлемдердің үлесі 33 пайыздан 12 пайызға дейін қысқарған. Демек, оның үлесі шамамен үш есеге төмендеп отыр.
Жалпы, халықаралық көрсеткіштермен салыстырған зерттеулер де ел ішінде қолма-қол ақшасыз төлемдердің кең тарағанын көрсетеді. Мысалы, АҚШ аумағында сатып алулардың 11 пайызы, Ұлыбританияда 10 пайызы, Бразилияда 17 пайызы әлі күнге дейін қолма-қол төленеді екен.
Қорыта айтқанда, "Fintech in Kazakhstan - 2026" зерттеуі ішкі қаржы айналымының цифрландыруға мейлінше бет бұрғанын көрсеткендей. Шынымен де қолма-қол ақшасыз төлемдер үлесінің көбеюі енді баламалы тәсіл емес, күнделікті есеп айырысудың тұрақты құралына айналғанын аңғартады.