KZNEWS.KZ
Шоу-бизнес

“100 миллион қарыз, үй сату”: Айгүл Иманбаева өзіне жасалған дуамен алысып жүргенін айтты

• Айжан Сыланова
Фото: видеодан скриншот

Әнші Айгүл Иманбаева өзіне жасалған сиқырдың салдарынан бір жылдан бері ем қабылдап жүргенін айтты. Өнер иесінің сөзінше, бұл жағдай оның тұрмысына, қаржылық ахуалы мен психологиялық күйіне ауыр әсер еткен, деп хабарлайды kznews.kz.

«Үйді де саттым, 100 миллион теңгелеп қарызға да баттым. Тентіреп кете жаздадым. Бір жыл болды алысып келе жатқаныма, әлі де алысып жатырмын. Бірақ былтырғыдай емес, шүкір. Қуыршақ та, сурет те, жіп те, қан, топырақ – бәрі табылды. Бұрын мұндайға сенбейтін едім. XXI ғасырда ондай нәрсе жоқ деп ойлайтынмын. Асқақ сөйлеп, артық кеткен екенмін», – деді ол.

Сондай-ақ Айгүл Иманбаева мұндай әрекеттің бес кезеңі болатыны туралы естігенін айтып, сиқыр жасады деп күдіктенген адамның кім екенін білетінін мәлімдеді. Дегенмен ол әлгі адамға өкпесі жоқ екенін және кешіргенін жеткізді.

«Ең бастысы, өз бойыңды, ойыңды таза ұстап, жақсы ниетте болу. Мұны жасаған адаммен алыспаңыз. Жаратқан сізді жақсы көргендіктен осындай сынақ жібереді. Мен мұны осылай қабылдадым. Еш ренішім жоқ, оны істеген адамды кешірдім, жібердім. Бірақ мұны кім жасағанын білем

Айжан Сыланова
2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.
Автордың басқа материалдары →