“Қыз Жібектің” қамзолы Алагөзоваға қалай келген? - Министрлік жауап берді
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

100 миллиардтың буы: «ҚазАвтоЖол» кімнің есебінен байып отыр?

100 миллиардтың буы: «ҚазАвтоЖол» кімнің есебінен байып отыр?
Фото: ЖИ

«Жол азабын жүрген білер» дегенмен бүгінгі таңда Қазақстанның күре жолдарында азапты жолаушы ғана емес, оның әмияны да азап тартып отыр. Жақында «ҚазАвтоЖол» ҰК басшысы Дархан Иманашев мырзаның 2025 жылы ақылы жолдардан 87 млрд теңге жиналғанын, ал 2026 жылы бұл межені 100 млрд теңгеге жеткізуді көздеп отырғанын естігенде, жұрттың төбе шашы тік тұрды, деп хабарлайды kznews.kz.

Алайда халықтың қалтасынан қағылған осынау миллиардтардың қайда кетіп жатқаны – үлкен сұрақ белгісі. Иманашев мырза жиналған қаржының 30%-ын жолдарды күтіп ұстауға, 10%-ын техника мен бейнебақылауға жұмсайтынын айтқанымен, қалған 60%-дың тағдырын жабулы қазан жабулы күйінде қалдырды. Бюджеттің басым бөлігінің қайда жұмсалатынын ашық айтпау қоғамда күдік ұялатпай қоймайды. 

Сарапшылардың пікірінше, бұл 60 млрд теңгеге жуық қаражат – аспаннан түскен сый емес, ол несиелерді жабуға, әкімшілік шығындарға немесе бармақ басты, көз қыстымен кететін тиімсіз жобаларға жұмсалуы әбден мүмкін.

«Көш жүре түзеледі» деген үмітпен жыл сайын тарифтерді өсіргенімізбен, жол сапасы баяғы жартас – сол жартас күйінде қалып отыр. Статистикаға сүйенсек, еліміздегі республикалық маңызы бар жолдардың едәуір бөлігі әлі де болса күрделі жөндеуді қажет етеді, ал «ақылы» деген сылтаумен ақша жинау – өлінің аузына сүт тамызғандай ғана әсер беріп тұр. Заң тұрғысынан қарасақ, «Автомобиль жолдары туралы» заңға сәйкес, ақылы жолдардан түскен қаражат алдымен сол жолдың сервисі мен сапасын жақсартуға бағытталуы тиіс. Бірақ бізде арбаны аттың алдына қойып, жолдың жағдайын оңалтпай тұрып, ақы алуды бірінші орынға қою ақымақтық болып тұр. 

Отандық экономист сарапшылар 100 миллиард теңге – бұл шағын мемлекеттің бюджетіне тең қаражат екенін, оның 60%-ның бағыт-бағдарының белгісіз болуы ашықтық принципіне  мүлдем қайшы келетінін дабыл қағып айтуда.

Ақшаның буына піскен мекеме басшылары халықтың жуастығын пайдаланып, статистиканы цифрмен құбылтуға шебер-ақ. Бірақ өтіріктің арты бір-ақ тұтам екенін ұмытпаған жөн. Егер 2026 жылы жоспарланған 100 млрд теңгенің тек 30%-ы ғана жолдың жыртығын жамауға кетсе, онда біз құмға құйған судай пайдасыз шығындардың куәсі бола бермекпіз.

Көз бояушылықпен алысқа ұзамайтынымызды түсінетін уақыт жетті. Халық жол азабын тартпауы үшін, билік ақшаның жайын ашықтықпен реттеуі тиіс. Сонда ғана қателіктерден сабақ алып, нағыз сапалы жолдарға қол жеткізе аламыз. Әйтпесе, кеудесінде жаны бар әрбір жүргізушінің «не үшін төлеп жатырмын?» деген сауалы жауапсыз қалып, әлеуметтік наразылықтың отын үрлей беретіні ақиқат.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.