KZNews.kz
Жаңалықтар

10 жыл күткен қуаныш: Самарқандта бір отбасы бірден төртемнің ата-анасы атанды

Дархан Тоқан
Фото: Ашық дереккөзі

Өзбекстанның Самарқанд облысында 29 жастағы келіншек төртемді дүниеге әкелді. Төртемнің үшеуі ұл және төртіншісі қыз болды, деп хабарлайды Kznews.kz.

Мәліметке сәйкес, алдымен салмағы 1,7 келі қыз бала өмірге келген. Одан кейін салмақтары 1,5 келі, 2,2 келі және 2,3 келі болатын үш ұл туған.

Дәрігерлер нәрестелердің жағдайы қанағаттанарлық екенін айтып, қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатқанын жеткізді. Ал ананың жалпы жағдайы орташа ауыр деп бағаланған.

Айта кетейік, бұл отбасы 10 жыл бойы перзент сүйе алмаған. Жаңа босанған ана қуанышын жасыра алмай:

"Ізгі ниет пен сабыр болса, адам бәріне қол жеткізеді", – деді.

Ал жас әке:

"Біз өте бақыттымыз. Он жыл бойы бала сүймедік, енді төрт баламыз бар. Отбасымыздың бәрі қатты қуанып жатыр", – деп айтты.

Дархан Тоқан
Журналист. Блогер. Фрилансер
Автордың басқа материалдары →