Солтүстік өңірге газ жеткізетін желіні "Газпром" салады
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

10 жыл бойы бала сүйе алмаған ерлі-зайыптылар бірден төртемнің ата-анасы атанды

10 жыл бойы бала сүйе алмаған ерлі-зайыптылар бірден төртемнің ата-анасы атанды
ашық дереккөзден

Өзбекстанның Самарқанд облысындағы перзентханалардың бірінде сирек жағдай тіркелді. 29 жастағы әйел бірден төртемді дүниеге әкелді. Сәбилердің бірі – қыз, үшеуі – ұл, деп хабарлайды kznews.kz.

Дереккөз мәліметінше, нәрестелер кесар тілігі арқылы туған. Алдымен салмағы 1,7 келі қыз бала дүниеге келсе, кейін 1,5 келі, 2,2 келі және 2,3 келі болатын үш ұл бала өмір есігін ашқан.

Дәрігерлердің айтуынша, сәбилердің жағдайы қанағаттанарлық. Қазір оларға қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Ал ананың жалпы жағдайы орташа ауыр деп бағаланған.

Белгілі болғандай, бұл отбасы 10 жыл бойы перзент сүйе алмай жүрген.

"Ізгі ниет пен сабыр болса, адам бәріне қол жеткізеді", – деді жаңа босанған ана.

Ал жас әке қуанышын жасыра алмады.

"Біз өте бақыттымыз. Он жыл бойы бала сүйе алмадық, енді бірден төрт баламыз бар. Бүкіл отбасымыз қуанып жатыр", – деді ол.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер